(57)
Реферат
) Автокөлік жолдарының құрамындағы бетонның қасиетін арттыратын химиялық қоспа
Химиялық қоспаның жаңашылдығына арқау болған картофель текті катализатор картофель макромолекуласының жоғары температуралық пиролиз барысында микромолекулаға ыдырау нәтижесінде алынған және сұйықтық глицерид фелон қышқылы деп аталады. Картофель өнімінің 1,5 килограммы әзірленіп, орташа деңгейде ұсақталып, 2-3 аптаға өздігінен кебуге қойылады. Пиролизді жүзеге асыру үшін ылғалсыздандырылған және ұсақталған картофельді болат қаңылтырдың ішіне орналастырып, жер бетінен 40-50 сантиметрдей төмен деңгейде көміп үстіне от жағып, қыздыру қажет. Картофель 40 минут бойы жанды (қыздырылды). Май тектес суберинге жататын глицерид фелон қышқылының (C20H42O3) жылу өткізгіштігі төмен және газ, су өткізбейтін қасиетіне байланысты автомобиль жолдарының құрамындағы бетонның беріктігіне оң әсер етеді.
Бұл химиялық қоспа катализатормен қатар натрий гидроксиді мен ағаш шайырының қатысуында жүзеге асуы тиіс. Тиісті мөлшерде реагенттерді үш әр-түрлі проберкаларға салғаннан кейін қоңыр-сарғыш түсті қосылысқа дейін түсі өзгергенше спиртшам көмегімен қыздырамыз Қоспадағы құрамдас бөліктердің тиімді концентрациясын дайындау үшін 1 : 3, 1 : 4 және 1 : 5 концентрациялары алынды және теориялық негізде ілгерісін көпіршіктену деңгейін салыстыра болжау әдісін қолдану арқылы анықтауға болады. 1 : 6 , 1 : 7 концентрлі ерітіндіні жалғастыру мүмкін емес, себебі ағаш шайыры (БАЗ) күйіп кетеді және реакция жүрмейді. Сонымен қатар, 1 : 5 концентрлі ерітіндінің түсі өте ашық сарғыш болғандықтан басқа қатынастар қарастырылмады.
Ендігі кезекте құм, цемент және химиялық қоспамыздан тұратын бетон сынамасын дайындалады. Әрбір концентрацияға 3-дана бетон сынамасы жасалынып, салыстырмалы қорытындыға келу үшін тек су қосылған үлгі де алынды. Бетон сынамасының құрамдас бөліктерінің қатынасы - 1 : 3 және суда ерітілген химиялық қоспамыз 10% қамтиды. Бетон сынамасы жақсылап араластырғаннан кейін 3-4 күнге кебуге қойылуы қажет. Күніне бірнеше рет су шашыратқыштың көмегімен алыс қашықтықта су шашырылып, ылғалдандырылуы тиіс. Себебі су бетон сынамасының құрамындағы компоненттердің бір-бірімен етене жанасып, бірігуіне әсер етеді. Қалыпқа салынған бетон сынамаларын барынша ұқыпты қалып қабырғасынан ажыратып алу керек. Бетон сынамаларын сыртқы факторлардың кері әсерінен (күн көзінің түсу бұрышы, физикалық күш, жоғары ылғалдылықтан) сақтау қажет.
Гипотезаны практикада дәлелдеу үшін тестілеулерден жүргізу керек: ылғалды сіңіру көрсеткіші, жүк түсіру көрсеткіші. Салыстырмалы түрде нәтижеге келу үшін ешқандай қоспа қосылмаған (тек судың қатысында) бетон сынамасы дайындалды.
Ылғалды сіңіру көрсеткіші: Әртүрлі концентрлі және қоспасыз дайындалған бетон сынамалары дистилденген су толы ыдысқа батырылды. Алғашқы массалары есептелінді және олар бір қалыпта жасалынса да, көлемдері бірдей болса да әртүрлі массаға ие. Бұны химиялық қоспамыздың бетон сынамаларының тығыздығын арттыруымен байланыстыруға болады. Тек қоспасыз жасалынған бетон сынамасының қалыптан алыну барысында жартысы үгітіліп қалды және кестеге мәндер енгізуде бұл ескерілуі тиіс.
Концентрация Бастапқы масса / грамм Соңғы масса / грамм Сіңірілуі /грамм Қатынас көрсеткіш
1 : 3 112.087 121.208 9.121 6.805
1 : 4 87.004 98.149 11.145 2.721
1 : 5 109.900 124.600 14.700 2.221
Тек су/ қоспасыз 87.451 101.372 13.921
Тәжіриебе қорытындысы: 1:3 қатынасындағы химиялық қоспаның суды сіңіріуі төмен және ешқандай қоспа қосылмаған бетон сынамасына қатысты 6.805 көрсеткішіне сәйкес аз сіңіреді.
Жүк түсіру көрсеткіші:
Концентрация Максималды төзімділік салмағы / кг 1 м2 ауданға шаққандағы жүк көтеру көрсеткіші /кг
1 : 3 231.75 70000
1 : 4 180.00 54000
1 : 5 70.00 21000
Тек су/ қоспасыз 75.00 22000
*Өлшемдердің қателігі: Өлшемдердің қателігі - 1,25кг және осындай аз қателікке қол жеткізі үшін 1,25килограмм жүк білушесі қолданылды.
Тәжіриебе қорытындысы: 1:3 қатынасындағы бетон сынамасы ең жоғары салмақ төзімділігін көрсетті және сәйкесінше 1м2 ауданға шаққандағы жүк көтеру көрсеткіші де ең үлкен.
Картофельді катализатордың құрамындағы компоненттердің функционалдық тобын анықтау үшін UVmini-1240 құрылғысының көмегімен Spectrum және Photometric параметрлері бойынша анализ жүргізіледі. Құрылғының берген ақпаратынан катализатор құрамында алкан және ,,,,, функционалдық топтары анықталды. UVmini-1240 құрылғысы катализатор құрамындағы компоненттердің толқын ұзындығының жұтылуы (сіңірілуі) коэффициентіне(нм) қарап отыра анализ жүргізеді.
Жоғарыда айтылған химиялық қоспаның нарықтағы аналогы Soil Grip бетон стабилизаторы кеңінен қолданылады, алайда бұл экономикалық тұрғыда тиімсіз және көп мөлшерде тұтынған кезде шығынға әкелуі мүмкін. Soil Grip өніміндегі катализатор қызылшадан алынады және оның бағасы, әрі барлық аумақта өсірілмейді, қолжетімсіз ресурс деп саналады. Баға құнының жоғарылығын осымен түсіндіруге болады.
Қорытынды: Автомобиль жолдарының құрылысында қолданылатын төсеме қабатының беріктігін арттыратын химиялық қоспа 1:3 қатынасында дайындалуы тиіс және бұл тәжіриебе жүзінде нақты мәліметтермен дәлелденген. Осыған орай, химиялық қоспаның тиімділігін теория және практика негізінде көрсеттік. Бұл қоспа өндіріс пен құрылыста қолданыла алады.
Өнертабыстың мақсаты: Автомобиль жолдарының сапасын картофель текті катализаторға негізделген қоспаны қосу арқылы жақсарту және жол құрылысына кететін қаражатты үнемдеу.
Өнертабыстың өзектілігі: Қазіргі таңда қоғамдық талқыға жиі түсетін жол сапасы шешімі табылмайтын мәселеге айналған. Біз бұл проблеманы шешу жолын жолдардың химиялық құрамына сүйене отырып таптық. Картофель пиролизі арқылы алынған катализатор мен басқа да компоненттердің қасында ойлап табылған химиялық қоспа жолдардың негізі болып табылатын бетонның беріктігін арттырады. Сонымен қатар, біз жаңа өнер табыс туындысын жасаумен қатар оның қандай концентрацияда тиімді болатынын, функционалдық топтар кездесіне зерттеу жасап және әрі қарай эксплуатацияға ену үшін түрлі физикалық тестілеуден өткізді
Төменде химиялық қоспаны алу кезеңдері берілген.
(54)
Название
Химическая добавка укрепляющая бетон в составе автомобильных дорог